«Сүннет салтымыз, хадис ғұрпымыз» атты бағдарламалық кеш өтті.

 Шымкент қаласы, Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабы «Исфиджоб» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Сүннет салтымыз, хадис ғұрпымыз» атты бағдарламалық кеш өткізілді. Бұл кеште салтымыздың, ғұрпымыздың дініміз Исламмен ұштасатындығы, дін мен салттың ұлттық сана мен тәрбиесіндегі орны, Отанға деген сүйіспеншіліктің иманнан екендігі жеткізілді.

Сондай-ақ шәкірттер арасында мақал-мәтел және хадистерден сайыс өткізілді. Кештің соңында дастархан жайылып наурыз көже таратылды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38