Шымкент қаласы, Абдусаттар Сманов мешітінде әйел-қыздар секторының және мешіт басшылығының ұйымдастыруымен қоғамда бақытты отбасының құрылуына негізгі себеп болатын нәзік жандыларға «Әйел және отбасы» атты рухани-танымдық семинар өткізілді. Семинарда отбасының негізгі ұйытқысы — «Салиқалы әйел» және «Құлшылыққа құлшынған ұрпақ тәрбиесі» атты тақырыптар негізге алынды. Сонымен қатар, қонақта «Берекелі таң» күнделігі атты жоба авторларының бірі Қалыбекқызы Салиха ханым болды. Алла елшісінің: «Таңғы уақытта береке бар» деп өткен хадисті негізге алып, сүннетке салтымен берік болған халқымыз «ерте түрған әйелдің бір ісі артық» дегендей, жоба қоғамымызда алдымен таңғы уақытынан бастап игі амалдарына мән беретін салиқалы қыз-келіншектердің тәрбиеленуіне едәуір септігін тигізетін пайдалы кеңестер берілді. Семинар соңында сыйлық таратылып, қасиетті «Ашура» оразасын ниеттеніп ауыз бекіткен жамағатқа ауызашар дастарханы жайылып, хатым Құранның дұғасы жасалды
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі



