ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігі, Әл- Фараби ауданына қарасты “Сейіткәрім Қажы “мешітінде  “Имани жаз 2025” жазғы діни сауат ашу курсын өтіп жатқан қыз балаларға , Қасиетті Ашура күніне орай Жамалова Мираж ұстаз ашық сабақ өтті . Сабақта мұсылмандар үшін ерекше болған  бұл күннің тарихы мен артықшылығы, ол күні жасалатын сауапты амалдары туралы тақырыптар талқыланды. Шәкірттерге викториналық сұрақтар қойылды , сабақ соңында тәттілер мен сыйлықтар таратылып ойындар ойнатылды . Барша қатысушылардың Алла зейінін ашсын ,Ашура күні құтты болсын.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38