Шырайлы Шымкент қаласына ресми сапармен келген наиб мүфти  және Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінің  ректоры бастаған делегация «Шымкент» медресе-колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Аталмыш медресе-колледждің директоры Талғат Әсембай мырза оқу орнының жұмыстары туралы баян етіп, соңғы уақыттарда атқарылған жұмыстарымен жеке-жеке таныстырды.

Айта кету керек, кездесуге ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсесінің басшысы, наиб мүфти,  PhD  докторы  Алау Әділбаев, Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті универсиетінің  ректор, профессор,  доктор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид  Мухаммад ал-Жинди, , Нұр-Мүбәрак универсиетінің проректоры исламтанушы, PhD  докторы Қайрат Құрманбаев, оқу орынның аппарат жетекшісі Рахымжан Әкімбеков, Шымкент қаласының өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаевтар т.б. қатысты.

Кездесу аясында медресе-колледжінің бір топ шәкірттеріне профессор,  доктор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид  Мухаммад ал-Жинди мырза  білім алудың артықшылығы мен сахабалардың өнегелі өмірі туралы дәріс оқыды.

Жалпы, медресе-колледжі туралы айтар болсақ, медресе-колледжіде мемлекеттік үлгіде «Ислам негізінің мұғалімі», «Имам хатиб» біліктілі беріледі. Бүгінде 315 студент білім алуда. Оның  211 ұл студенттер, 104 қыз студенттер болып бөлінеді. Студенттерге үш мезгіл тамақ, жатақхана, спорт зал, дәрігерлік бөлмес, кітапхана т.б. барлық жағдай қарастылған. Маман даярлау бойынша облыстық бюджет есебінен 175 шәкіртке арнайы грант бөлінді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38