Аса қамқор, ерекше меірімді Алланың атымен бастаймын!Барлық мадақ әлемдердің иесі Алла тағалаға тән. Пайғамбарымыз Мұхаммедке оның әулиеті мен сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! Біз бугін баршамыз үшін маңызды болған мұсылман мұсылманға бауыр тахырыбында насихаттайтын боламыз. Бұл жайында Нұғман ибн Бәшир (Алла оған разы болсын)жеткізген хадисте: «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын»: «Мүміндер бір біріне сүйішпеншілік меиірімділік және жанашырлық танытуда біртұтас дене тәрізді. (Адамның) бір жері ауырса, ұйқысы қашып, ыстығы көтеріліп, бүкіл жері ауырған жерінің мұңына ортақтасады», деп айтты.Және Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылманның мұсылман бауырының алдында бес міндеті бар: Сәлем бергеннің сәлемін алу, науқастың көңілін сұрау, жаназаға қатысу, шақырған жерден қалмай бару және түшкіргенге «йәрхамукаллаһу» (Алла сені рахымына бөлесін) деп айту»,- деген. Достың екі түрі бар. Біреуі – амал дос, екіншісі – адал дос. Өзінің жеке пайдасын күйттеген емес, Ақіретіне сауап жинайтын достықты таңдайық Мүслимнен жеткен мынадай хадис бар: «»Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы қабыл болады».

Мұсылман бауыры үшін тілек айтқанда періштелер: «Әумин, Алла сағанда бауырың үшін сұрағаныңды берсін» дейді екен. Ал Бухари: Ең жылдам қабыл болатын дұға мұсылманның бауыры үшін жасаған жасырын дұғасы» деген хадисті келтіреді.Бұл оның көзінше жасалған дұғадан жетпіс есе артық. Сонымен қатар, Тирмизи: «Екі дұғаның Алламен арада бөгеті болмайды.Біріншісі – жәбір көрген адамның жасаған дұғасы. Екіншісі Мұсылманның бауыры үшін жасаған жасырын дұғасы деген хадисті келтіреді».

Қорыта айтқанда, Абай атамыздың «адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген өсиетін достық алаңында жалау етіп ұстайық. дүйсебаев фархат

ҚМДБ, Шымкен қаласы “Мастура қажы” мешітінің имамы

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38