Бүгін Астана қаласына арнайы іс сапармен келген Шымкент қаласы бойынша өкілдігінен келген делегация «Хикмет» телестудиясы мен  «Muslim.kz» сайтының жұмысымен танысты.

Аталмыш бөлімнің жұмыстарын «Әзірет Сұлтан» мешітінің найб имамы Бақытжан Өткелбаев сайт жұмысымен жеке-жеке таныстырды. Сондай-ақ, тұңғыш рет қолға алынып отырған  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Al Saqr Finance Компаниясы және «Уақып» қоры бірлесе жүзеге асырған жоба аясында жұма уағызы орыс және ағылшын тілдеріне синхронды түрде бірден аударылып, таратылады.

Бұл уағыздарды әр жұма күні сағат 13.00 мен 13.30 аралығында www.alsaqr.kz сайтына кіріп, уағыз тыңдауға болатынын айтып, жаңа жобамен таныстырды.

Жалпы, бұл жоба тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Алла берекелі етсін.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы  бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38