Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Исамиддин баба мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Құран жаттау маңызды ма, әлде амал ету ме?» тақырыбында пікірталас сайысы (дебат) өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – Құранды жаттаудың маңыздылығын ғана емес, оның аяттарын түсініп, өмірде амалға асырудың мәнін тереңірек ұғындыру. Қатысушылар екі тарапқа бөлініп, өз көзқарастарын Құран аяттары мен хадистерге сүйене отырып жеткізді.

Пікірталас барысында Құранды жаттау мен оған амал етудің өзара тығыз байланысы, жаттаған білімнің адам мінезі мен өмір салтына әсері кеңінен талқыланды.

Құран – тек жатталатын кітап емес, ол – өмірімізге бағыт-бағдар беретін Алланың сөзі. Мақсатымыз – оны жүрекке орнықтырып, амалға айналдыру.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38