Қасиетті Мұхаррам айының Ашура күнінде  Шымкент қаласы бойынша өкілдігінен келген түрлі салаға жауапты бөлім жетекшілері мен аудан бас имамдары Астана қаласындағы «С.Ғылмани» мәдени мұражайында болды.

Мұражай жұмысымен «С.Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Садырбеков арнайы таныстырып, кеңінен мағлұмат берді.

Мұражай жұмысы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың рухани жаңғыру бастамасы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен Астана қаласы «С.Ғылмани» мешітінің жанында жеке дара болып ашылған екен. Оның ішінде, белгілі ғалым, қази болған Садуақас Ғылмани хазреттің тұтынған жеке заттары, жазып қалдырған қолжазбалары мен көптеген құндық еңбектер қойылған. Мұнымен қатар, мұражайда Кеңес үкіметі тұсында қазақ жеріндегі діни ахуалға қатысты фотосурттерді көріп, мол әсерге ие болдық.

Кездесу барысында Шымкент қаласынан арнайы делегацияны бастап келген топ жетекшісі Мұхамеджан Естеміров мұражайдың естелік һәм тілек кітабына қолтаңбасын жазып қалдырды.

Осы тұста, Елордамызға келген әрбір дінсүйер қауымға осы «С.Ғылмани» атындағы мәдени мұражайына келіп, атбасып бұрып, зиярат етуге шақырамыз.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38