Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы орталық мешітінің наиб имамы және Халал Даму бөлімінің маманы Қазыбек Сарыбаев «Отырар» телеарнасына «Адал астың жастар тәрбиесіне қатысты тұстары» тақырыбында сұхбат берді.
Сұхбат барысында адал астың діни мәні, ұлттық дәстүрдегі орны, түрлі газдалған сусындар т.б.мәселелері сөз болды.
Мақсат — салт-дәстүрімізді сақтай отырып, шариғатқа сай адал ас ішіп, тамақтану мәдениетін қалыптастыру және қоғамға дұрыс бағыт-бағдар беру.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі
