ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің түрлі салаға жауапты бөлім жетекшілері мен аудан бас имамдары  Астана қаласы бойынша өкілдігіне қарасты «С.Ғылмани», «Әл-Ғани»,  «Рыскелді қажы» мешіттерінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Іс сапармен келген топ құрамында түрлі салаға жауапты Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасарлары Мұхамеджан Естеміров, Әділхан Сертай, Иса Яхяев және Талғат Әсембай «Шымкент медресесі» колледжінің директоры, Әл-Фараби аудандық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдурахманов, Абай аудандық «Абдурахман» мешітінің бас имамы Қазыбек Сарыбаев, Еңбекші аудандық «Әл-Біләл» мешітінің бас имамы Даулет Туленов және Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы, Сайт жетекшісі Абзал Жауһаровтар болды.

Сондай-ақ, зиярет ету барысында Астана қаласы бойынша өкілдігіне қарасты  мешіттері тарапынан атқарылып отырған «Үлгілі отбасы – қоғам тірегі», «Астана мейірімді қала», «Сауат ашу бөлімі», «Апталық уағыз шәйі», «Михрабың бос қалмасын», «Медресе шәкірттері арасында теңбіл доп жарыс» т.б. жобаларымен танысты.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38