Бүгін Астана қаласына арнайы іс-сапармен келген Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бөлім жетекшілері мен бірқатар аудан бас имамдары «Астана» медресесінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Меймандарды ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкіл имамы, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов  мен «Астана» медресесінің директоры Бекзат Ақжігітов мырза арнайы қабылдап, медресенің атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Медресенің материалдық-техникалық базасы білім заңдарында көрсетілген талаптарға сай келеді. Бір аңғарғанымыз бүгінгі таңда сұранысқа ие болып отырған медресе қабырғасында Діни басқарманың қолдауымен орыс тілді топ ашылғандығын көрдік. Медреседегі ұстаздардың шәкірттерге жоғары сапада білім беріп, шәкіртердің терең білім алуына толық жағдай жасалған екен.

Сондай-ақ, кездесу барысында «Шымкент медресесі» колледжінің директоры Т.Әсембай мен «Астана» медресесінің директоры Б.Ақжігітовтер діни білім беру сапасын арттыру бойынша өзара тәжірибе алмасу сынды мәселелер жөнінде бірлескен жұмыстарды дамыту туралы кеңінен талқылады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы  бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38