Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің қолдауымен Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бөлім жетекшілері мен бірқатар аудан бас имамдары Астана қаласына арнайы іс-сапармен барды.
Негізгі мақсаты – Астана форуымда қабылданған «ХХІ – ғасырдың үздік зияткер имамы» жобасын дамыту, Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен астана қаласы бойынша өкілдігі арасында әріптестік қарым-қатынасты нығайту, діни жұмыстарды жан-жақты дамыту болып табылады.
Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың бастамасы аясында түрлі салаға жауапты Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасарлары Мұхамеджан Естеміров, Әділхан Сертай, Иса Яхяев және «Шымкент медресесі» колледжінің директоры Талғат Әсембай, Әл-Фараби аудандық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдурахманов, Абай аудандық «Абдурахман» мешітінің бас имамы Қазыбек Сарыбаев, Еңбекші аудандық «Әл-Біләл» мешітінің бас имамы Дәулет Туленов және жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы, сайт жетекшісі Абзал Жауһаровтар келді.
Алдымен Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» мешітінде болып, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкіл имамы, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов арнайы қабылдап, өкілдік тарапынан жасалып жатқан жұмыстары туралы тәжірибесімен бөлісті.
Осыдан кейін әрбір салаға жауапты «Нұр-Астана» мешітінің найб имамдарының деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелері, жеке кездесулер, уағыз-насихат, зекет, қайырымдылық шаралар мен діни сауат ашу жұмыстары, жастар ісі мен халал ісі бөлімінің атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісті.
Өз кезегінде Шымкенттік имамдары өздеріне тың ақпарат алып, мол мағлұматтарға қанық болды.
Айта кету керек, аталмыш ресми шаралар тұңғыш рет ұйымдасытырылып отыр. Алдағы уақытта әріптестік қарым-қатынасты дамыту беру көзделуде.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі