Бүгін, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі орталық мешітінде «Құрбандық етін мұқтаж жандармен бөліс!» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Қайырымдылық шара барысында ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев барша көмекке зәру жандарды құттықтап, бақ-дәулет, мол табыс тілеп, бата берді.
Жалпы, үш күн бойы ұйымдастырылған шара аясында Шымкент қаласына қарасты мешіттерде 1450 отбасыға құрбандық ет өнімдері мен азық-түлік, ұн, май т.б. көмек берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі