Бүгін Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешітінде дінтанушы-магистр, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының «Ізгілікке бастар жол» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Игі шараға ардагер имам Бекайдар Әміре, Дәуренбек Тасқараев, Шымкент медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, наиб имам Ахметжан Керімбек, Мұсабек Ақтамберді, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров және аудан бас имамы мен сала жетекшілері қатысты.
Бұл кітап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғы сөзімен басталып, түрлі деңгейдегі тақырыпты қамтитын құнды еңбек болып саналады. Онда жастар тәрбиесі, дін мен дәстүр, отан, имандылық, адамгершілік және түрлі жат ағымдардың арбауынан сақтану т.б. өзекті тақырыптар қамтылған.
Кітап медресе және діни сауат ашу курсының шәкірттеріне, жалпы көпшілік қауымға арналған.
Айта кетейік, кітап авторы Бақдаулет Нұрматұлының бұған дейін түрлі басылым беттерінде ғылыми-көпшілік мақалалары жарық көрген.
Жаңа кітаптың оқырманы көп болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38