Қасиетті Құрбан айт мерекесінде ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық орталық «Абдул Хамид Қаттани» мешіті жанындағы діни сауат ашу курстарының (ДСАК) шәкірттеріне куәлік табыс етілді.
Аталмыш шараны ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық орталық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдрахмнов ашып, шәкірттерге білім алудың маңыздылығын, түрлі кереғар ағамдардан сақтануды және ата-анаға, туған-туысқа бауырмал болу жөнінде ақыл-кеңестерін жеткізіп, өз қолымен шәкірттерге куәлік тапсырды.
Сондай-ақ, үй ай бойы шәкірттерге талмай дәріс берген қалалық «Әйел-қыздар» секторының қызметкерлеріне және ұстаздарға алғысын білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі