Шырайлы Шымкент қаласы орталық мешітінде ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфтиі, Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай Тағанұлы Өтпенов қажы және Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев бір топ қажылыққа ниет етушілермен кездесіп, қажылық ниет қабыл болсын деп, жолдарына сәттілік тіледі.
Алдымен сөз алған наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрғасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің құттықтау сәлемін жеткізіп, ұлы сапарға ниет етушілерге қажылық кезіндегі орындалатын амал-әрекеттерді түсіндіріп, өзінің ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.
Осыдан кейін, Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев қажылықтың тарихы мен мән-маңызына, жауапкершілігіне айрықша тоқталып, діни басқарма тарапынан ашылған «Тауаф» қажылық компаниясының жұмысына табыс тіледі.
Айта кету керек, биылғы жылы Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша қажылық бөліміне жауапты өкіл – найб имам Мұхамеджан Естеміровтың ұйымдастыруымен 19 қала, ауданда қысқа мерзімді курстар ұйымдастырып, қажылыққа ниет етушілердің діни сауаттылықтарын арттыру, кереғар ағымдардан сақтану, т.б. шариғат мәселелер тұрғысынан мол ақпарат жеткізді.
Іс-шара аясында ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы жергілікті «Қазақстан», «Отырар», «Айғақ», «Елнұр», «ТВК» телеарналары мен бірқатар журналисттерге сұқбат берді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі