ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай қажы Өтпенов Түркістан облысы, Төлеби ауданы орталық «Нұр» мешітінің жамағатымен кездесті.
Кездесу барысында елдің бірлігі мен ынтымағы, түрлі кереғар ағымдардан сақтану жолдары, алдағы құрбан айт мерекесінің қадір қасиеттері туралы әңгімелеп берді. Әсерлі кездесу кезінде жамағат тарапынан қойылған бірқатар сұрақтар мен ұсыныс-пікірлеріне тұщымды жауаптар берілді.
Жалпы, алдағы уақыттарда осы бағыттағы кездесулер, ашық есік күндері сынды іс-шаралар ұйымдастырылатын болып шешілді.
ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша баспасөз қызметі