Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы Абай ауданында той мәдениетіне қатысты кеңейтілген семинар ұйымдастырылды.
Семинарға шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Ахметжан Керімбек, ардагер имам Дәуренбек Тасқараев, аудан бас имамы Мұхамеджан Естеміров т.б мешіт имамдары мен сала жетекшілері қатысты.
Басқосу аясында шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Ахметжан Керімбек, қалалық дән мен дәстүр бөлім маманы Самат Анарбаев ас беру мәдениеті мен той мәдениетіне байланысты арнайы баяндама жасады.
Сондай-ақ, семинар барысында ҚМДБ-ның ас беру мәдениеті құжатын жан-жақты насихаттау мәселелері талқыланды. Жиын соңында насихат және түсіндіру мақсатында асабалар мен тойхана иелерімен түрлі деңгейде кездесулер мен басқосулар өткізілетін болып шешілді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38