Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Шымкент қаласына қарасты мал соятын орындардың қасыпшыларына арналған семинар ұйымдастырылды.
Семинарды Шымкент қаласының өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы «Халал ісі» бойынша жауапты өкілі Қазыбек Сарыбаев жүргізді.
Ұйымдастырылған семинарға Шымкент қаласы бойынша талапқа сай 5 мал соятын орынның 25 қасапшы мамандары қатысып, шариғат жолымен мал сою жолдарын түсінді.
Сондай-ақ, қасиетті Құрбан айт мейрамы кезінде болсын, өзгеде уақыттарда мал соятын орынның тазылығы мен жауапты тұлғалардың шариғат талаптарын білу мәселелері назарға алынады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі