Бүгін Шымкент орталық мешітінде ас беру және той мәдениетіне байланысты басқосу ұйымдастырылды.
Басқосуға қала Бас имамының орынбасары Ахметжан Керімбек, Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров және қалалық Әжелер мектебінің жетекшісі Қалдыкүл Жұмабекқызы және сала жетекшілері қатысты.
Басқосу аясында ұстаздар ас беру және той мәдениетіне байланысты арнайы баяндама жасады. Семинар барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Сондай-ақ, семинар барысында ҚМДБ-ның ас беру мәдениеті құжатын жан-жақты насихаттау мәселелері талқыланды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі













