IMG 1107

IMG 1107

Ел болған соң, арасында өмірдің тауқыметін тартқан, жаны жабырқау жандардың кездесері хақ. Олардың да жағдайын ойлап, көңілдерін көтеру, жанынан табылу мұсылманның басты міндеттерінің қатарына кіреді. Қасиетті Рамазан айында осы міндетті атқару мақсатымен Сарыағаш ауданының ерікті жастары Төле би ауданы, Көксәйек ауыл округінде орналасқан «Көксәйек жарымжан балаларға арналған медициналық әлеуметтік мекеме»-сінде ауыз ашар өткізіп, қуаныштарын бөлісті. Ауызашарға мекеме тәрбиешілері мен жарымжан балалар қатысты. Сарыағаш қаласындағы «Мырзадияр» мешітінің имамы Т.Төлебеков сөзге шығып, осындай игі-шараның өтуіне мұрындық болған азаматтарға алғысын білдіріп, жарымжан балаларға төзімділік тіледі. Мекеме басшысы өз ризашылығын білдіріп, мекеменің тұрмыс-тіршілігімен таныстырып өтті. Мұндай шаралар біздің балалардың көңілінен шығары сөзсіз деп мекеме атынан ризашылығын білдіріп өтті.

Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 1104

IMG 1105

IMG 1106

IMG 1107

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38