IMG 1108

IMG 1108

Рамазан рақым айы, рамазан кешірім айы, рамазан мұсылмандар үшін қуаныш сыйлау айы. Міне осындай рахымды, кешірімді айда ҚМДБ, ОҚО бойынша өкілдігі, Түркістан қаласы «Алпамыс батыр» мешітінің имамы Дәулет Қожабековтің және жамағаттарының ұйымдастыруымен 29 мамыр күні тоғыз жолдың торабы болған қаланың орталық көшесінде «Жолаушыға ауыз аштыр» атты қайырымдылық шарасы болып өтті. Шара барысында ауыз ашуға 30 минут қалғанда автокөлік жүргізушілеріне «Рамазан айы құтты болсын!» айтып, сумен құрма таратты. Жалпы бұл шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы тапсырмасына орай, халыққа қуаныш сыйлау, рамазан айының қадір-қасиетін ұғындыру мақсатында жасалды.
Жалпы 120 дана 0,5 литрлік су мен құрма таратылды. Қайырымдылық шараны қалалық «Тұран-Түркістан» телеарнасы арнайы түсіріп, көрсетті.
Өз кезегінде қала тұрғындары ризашылықтарын айтып, мұндай шаралардың көптеп ұйымдастырылса деген өтініш тілектерінде айтты.
Барлық қатысушылар бір ауыздан қолдап, Рамазан айында жақсылықта жарысайық, қайырымдылық шараларға қолдау білдірейік деп тарқасты.

«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі

IMG 1108

IMG 1108

IMG 1108

IMG 1108

IMG 1108

IMG 1108

IMG 1108

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38