Шардара қаласы Қ. Аманжолов жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Діни ағымдардың алдын алу», – атты тақырыпта кездесугеШардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің нүсқаушысы Д. Байбеков қала әкімінің бас маманы Р. Имашев қатысты. Сөз кезегінде аудан имамы тәуелсіз Қазақстанның қысқа ғана тарихында еліміздің дін саласы көптеген өзгерістерге ұшырады. Діннің атын жамылған ағымдар мен топтар діни сауаты аз азаматтарымызды өз қармақтарына түсіріп, тіпті өздеріне белсенді жақтасқа айналдырып, өзімізге қарсы қойып үлгерді. Халқымыз «Іштен шыққан жау жаман» демекші, мұндай көзқарасты ұстанушылар Исламның атын жамылатындықтан, тек қана атын жамылу емес, тіпті діни мәтіндерден (Құран және хадис) өздерінің істеріне дәлел келтіретіндіктен, олармен күрес басқа жат діни ағымдармен күресуден қарағанда өте күрделі және нәтижесі барынша төмен деп қорытындылады. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берілді.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.