29 мамыр күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, ОҚО бойынша өкілдігіне қарасты Түркістан қаласы орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің бас имамы Омар қажы Елеуұлын «Тұран-Түркістан» телеарнасының жүргізушісі, ақын Мухаббат Аматаева өзінің авторлық бағдарламасы «Татулық – тірегі!» атты студиялық хабарына қонаққа шақырды. Хабар Рамазан айының құрметіне орай өткізілді.
Хабар барысында Түркістан қаласының бас имамы Омар қажы Елеуұлы Рамазан айының қадір – қасиетін, Ораза ұстаушының білуі керек шарттарын, «Зекет» жайлы, қасиетті айда жасалған қайырымдылық шараларының сауаптары жайлы кеңінен насихат айтты.
Барша Түркістан қаласы тұрғындарымен қонақтарын Рахым айы – Рамазанмен құттықтап, еліміздің амандығы, тұрақтылығы, дамуы үшін дұға қылды.
«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі