Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында күнделікті қала ауыл мешіттерінде ауыз ашар дастарханы жайылып, ауыз бекіткен жандарға күнделікті ауыз ашар берілуде. Сонымен қатар құфтан намазының алдында имамдар тарапынан ҚМДБ – ның қасиетті Рамазан айына бекіткен уағыз жоспары аясында уағыз айтылып, тарауих намазында Хатым Құран жасалуда.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі