IMG 1068

IMG 1068

Түркістан қаласына қарасты қалалық, ауылдық мешіттерде қасиетті Рамазан айының құрметіне көптеген мешіттерде Құран Хатым түсірілуде. Қалалық, ауылдық қазіргі уақытта 10 мешітте түсірілуде, 2 мешітте Құран Хатым түсіріліп бітті. Алдағы уақыттада түсіруге ниетті 10-нан аса мешіт тұр. Жалпы қалған мешіттерде тарауих намазы оқылуда. Тарауих намазына ағылған қала тұрғындары өте белсенді. Олда болса Оразаның, Рамазан айының қадір-қасиетін түсінген жамағаттардың соңғы жылдары белсенділігі болса керек. Әуелі Рамазан айының алғашқы күнінен бастап орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің бас имамы Омар қажы Елеуұлы жамағаттарды қасиетті айдың қадірімен шарапаты туралы насихат айтып, ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің арнайы құттықтауымен үндеуін оқып беріп, құттықтады. Орталық мешіт алғашқылардың бірі болып Құран Хатым түсіруді бастап, 26 мамыр күні тәмамдап, батасын берді. Биылғы Құран Хатымды қаламыздағы белгілі қари Савронбек қари түсірді. Хатым соңында бас имам Омар қажы Елеуұлы Құранның қасиеті жайлы уағыз айтты.

«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі

IMG 1068

IMG 1068

IMG 1068

IMG 1068

IMG 1068

IMG 1068

IMG 1068

IMG 1068

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38