IMG 940

IMG 940

Қазіргі таңда діни сұрақтарға жауап іздеген, мектеп қабырғасын бітіргеннен кейін мамандық таңдауға көмек іздеген жастар, соның ішінде жоғары сынып оқушыларымен көптеген кездесулер ұйымдастырылуда.
Осы орайда үстіміздегі жылдың 22-ші мамыр күні Шымкент қаласы, Əл-Фараби ауданы №75 мектеп гимназиясының биылғы түлектерімен, «Жолың болсын жас түлек» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге ҚМДБ ОҚО Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінің найб имамы Анарғали Керімбеков жəне «Əл-муслим» мешітінің найб имамы Ережеп Тобаш қатысты.
Кездесу барысында мектеп оқушылары өздерінің бұл кездесуге тыңғылықты дайындалғандарын танытты. Мешіт имамының əсерлі уағызын тыңдаған жас жеткіншектер Ислам дінінің шынайы келбетімен танысты. Түлектеріміз мамандық таңдау мəселесіндегі көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.
Мешіт имамы иманды жас – ел болашағы екеніне тоқталып, мұсылман адамның бойынан табылуға тиісті жақсы қасиеттерді санамалап, «Болашақта білікті маман болу үшін көп оқуымыз керек» – деп сөзін түйіндеді.

 

IMG 940

IMG 941

IMG 942

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38