Міне, көптен күткен Рамазан айы да басталды. Бұл орайда ОҚО Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешіті де оразаға үлкен əзірлікпен келді.
Алланың разылығын көздеген Шымкент қаласының əкімі Нұрлан Ермекұлы «А.Қаттани» мешітінде алғашқы ауызашарды берді.
Арнайы дайындалған ауызашарға 150-ден аса адам жиналды. Олардың өздеріне осындай мол дастархан жайған өңір басшысына деген алғыстары шексіз. Ақсақалдарымыз ақ батасын берді.
Біз өңір басшысына Нұрлан Ермекұлына Алланың нұры жауып, Рамазан айында ойға алған армандары жүзеге ассын деген ең ізгі тілегімізді жеткізгіміз келеді.
«А.Қаттани» мешітінің баспасөз қызметі