IMG 935

IMG 935

Бүгін Түркістан қалалық әкімдігінің кіші залында Түркістан қаласы орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің бас имамы Омар қажы Елеуұлының ұйытқы болуымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің Рамазан айына орай жасаған «РАМАЗАН – РАҚЫМ АЙЫ!» атты құттықтауымен үндеуін насихаттауға арналған жиын болып өтті.
Шараға Түркістан қаласының әкімі Мұсабек Тәжібеков, орынбасары Ғани Рысбеков мырзалар, қалалық «Ақсақалдар алқасының» төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, қалалық «Ардагерлер алқасының» төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов ақсақалдар және ауылдық әкімдік қызметкерлері, қалалық, ауылдық мешіт имам-молдалары, түрлі сала қызметкерлері қатысты.
Түркістан қаласының бас имамы Омар қажы Елеуұлы әуелі ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің Рамазан айына арнаған құттықтау сөзін және үндеуін жеткізді. Сонымен бірге осы айда атқарылатын ҚМДБ-ның тапсырмасы бойынша қайырымдылық т.б. шаралары туралы кеңінен түсіндіріп берді.
Шара соңында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің арнайы Үндеуін БАҚ өкілдеріне насихаттауға және жақсылыққа жәрдемші болуға шақырды.
Барлық қатысушылар бір ауыздан қолдап, Рамазан айында жақсылықта жарысайық, қайырымдылық шараларға қолдау білдірейік деп тарқасты.

«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі

IMG 935

IMG 936

IMG 937

IMG 938

IMG 939

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38