Қасиетті Рамазан айында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының мүшесі, Түркістантанушы, Түркістан қаласының құрметті азаматы Нұрмахан Назаров ақсақал арнайы Түркістан қаласы орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінде қонақта болды.
Нұрмахан ақсақал арнайы Рамазан айында «31 мамыр – Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай және көрнекті қоғам қайраткерлері Сұлтанбек Қожанов пен Нәзір Төреқұловтардың рухына арнайы Құран Хатым түсіріп бағыштатты. Нұрмахан ақсақал орталық мешіттің кітапханасына көрнекті қоғам қайраткерлері Сұлтанбек Қожановпен Нәзір Төреқұловтардың өмірі жайлы кітаптар сыйға тартты.
Шарада орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешіттің бас имамы Омар қажы Елеуұлы бұл шараның маңыздылығы, жастарға берер тәлім – тәрбиесі жөнінде уағыз насихат айтып, Құран Хатым түсіріп, бағыштады. Еліміздің амандығы үшін дұға етті. Нұрмахан ақсақал ғибратты ғұмыр атты қос қайраткердің өмірі жайлы қысқаша айтып өтті.
Іс-шараға орталық мешіт қызметкерлері, «Нақып Алти» мешітінің имамы Неъматулла Нурумбетов, «Ыждыхат» мешітінің молдасы Алимов Дауран, «Н.Төреқұлов» музейінің меңгерушісі Бақытжан Жорабеков, мешіт жамағаттары мен орталық мешіттің кітапханашысы Жәмила апайлар қатысты.
Шара соңынан бас имам Омар қажы Елеуұлы Нұрмахан ақсақалмен «Н.Төреқұов» музейінің меңгерушісі Бақытжан ағаларымызға қасиетті Құран Кәрім кітабын сыйға тартты.
«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі