Созақ аудандық ішкі саясатпен бірлесе отырып, Құмкент ауыл округы Қ.И.Сәтбаев атындағы №2 мектеп гимназиясында, Құмкент ауылдық округіне қарасты Қызылкөл ауылында М.Әуезов атындағы мектепте, Жарты төбе ауылдық округы Құлыншақ Кемелұлы атындағы мектептің оқушыларымен «Мемлекеттің зайырлы принцитері» тақырыбында кездесулер өткізілді. Мектеп оқушыларына еліміздің зайырлылық принциптері, деструктивті ағымдардан сонымен қатар әлеуметтік интернет желілердегі теріс ақпараттардан сақтанудың жолдары жан-жақты түсіндірілді. Кездесу соңы сұрақ –жауапқа ұласып, бас имам Есіркеп Мейрамбек Құдайбергенұлы тұщымды жауаптармен жауап берді.
Созақ ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі