ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы мен ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің найб имамы Ақтамберді Мұсабек қажы Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Созақ ауданына ат басын тіреп, Созақ ауданының имам – молдаларымен кездесу өткізді. Бұл бас қосуда ҚМДБ – ның тапсырмаларын жеткізіп, жауапкершілікпен қарау керектілерін айтып жеткізді. Сондай – ақ облыс бойынша жүріп жатқан жаназа рәсімдері мен аста-төк, ысырапшылдық мәселелерін талқылап, алдағы атқаратын міндеттерін айқындады. Сонымен қатар салынып жатқан және салынатын мешіттер және олардың құжаттары, жұма, бесін-ақшам уағыздары, шапан – сәлде мәселесі, сенбілік – тазалық, деструктивті ағымдар мәселесі, сауат ашу курстары, діни мерекелер, басылымдарға жазылу – мақалалар беру, беріліп жатқан тапсырмаладың дер кезінде орындалуын қадағалау міндеттелді. Жиын соңында имамдар өзара ұсыныстарымен бөлісіп, аймақтағы діни ахуалды тұрақты сақтап қалудың тетіктерін талқылады.
Созақ ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі