IMG 871

IMG 871

Рамазан –Құран айы. Алланың сөзі Құран Кәрімді оқып-үйрену, түсініп-түйсіну әрбір мұсылман жанның өміріне өң берері айқын. Осы мақсатты жүзеге асыру мақсатында Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласындағы «Ал-Ғаффар» мешітінде Сарыағаштық шәкіртер арасында Құран жарыс өтті. Жарысқа 70-тен астам шәкірт қатысты.
Әуелі Ұлы Отан соғысының ардагерлері И.Юсупов, Е.Ишанов аталарымыздың батасымен ашылды. Аудан имамы Б.Қалдаров Құран оқудың артықшылығы жайлы уағыз-насихат жүргізді. Жарысқа «Сарыағаш медресе келлежд»-нің ұстаздары Сайд Мухаммад, Закария Сманов, және Жетісай қаласынан келген Хамро Құрбанов арнайы қатысып, төрелік етті. Жарысқа қатысушылар қойылған талаптардың барлығына жоғары деңгейде дайындалғаны айқын көрініп тұрды. Құранды жаттап қана қоймай, мәнерлеп оқу жағынан да өздерін көрсете білді.
Жеңімпаздарға қомақты сыйлықтар табысталды.

Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі

IMG 866

IMG 866

IMG 866

IMG 869

IMG 870

IMG 871

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38