Ордабасы ауданы, Көктөбе ауылындағы «Жүніс әжі» мешіт ауласында «Қош келдің-Рамазан» атты іс-шара ұйымдастырылды. Қасиетті ай құрметіне болған іс-шараға құрметті қонақ ретінде елге белгілі айтыскер ақындар: Ақмарал Леубаева, Біржан Байтуов сонымен қатар аудандық сот төрағасы Құнанбай Мұсаев, аудандық газет редакторы Зиябеков Ғалымжан, аудан имамы Бастарбек Әшірбай, Нысанбаев атындағы орта мектебінің директоры Майхан Нақып және т.б шақырылып, оларға сөз берілді. Сонымен қатар арнайы қонақ ретінде шақырылған дін қызметкерлері Мәди ұстаз бен Арыстан ұстаз көпшілікке уағыз насихат айтты. Сонымен Көктөбе ауыл тұрғындары іс-шарадан рухани азық алып, тарқасты.
Осындай іс-шара Тоқсансай ауылында да өтті. Іс-шарадан мақсат ораза айында харам нәрслерден тыйылып, арақ-шарап сатпау. Және ораза күндері күндіз құдайы астарды тоқтату. Астарды кешке ауыз ашар қылып беру. Қазалы үйден үш күнге дейін тамақ бермеу.
Ордабасы ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі