Облыс аумағындағы ҚМДБ-ның филиал 824 мешітте бір мезетте құптан намазынан кейін тарауих намазы оқыла бастады.
Облыстық бас мешітінде ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы құптан намазы кезінде барша жамағатты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің Рамазан айына байланысты құттықтау сөзін оқып берді. Сондай-ақ, ораза тұту, ауыз-ашар, сәресін ішу, тарауих намазының 20 ракаттық етіп оқу, т.б. қасиеттеріне тоқталып өтті.
Биылғы жылы облыстық орталық мешітте Құран хатым етуші найб имам Сәрсенбаев Мейірбек пен Түркия Республикасынан арнайы келген Мехмет Өзжан қариларымызды көпшілікке таныстырды.
Мұнымен қатар, Түркиядан келген арнайы ұстаз Осман Өсташ мырзаны күндігі бесін мен асыр намазы кезінде жүзінен қарап, бір парадан хатым етілетіндігін атап өтті.
Айта кету керек, облыс аумағында бүгінгі таңда 158 мешітте хатым Құран оқыла бастады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі