tu turali fatua

tu turali fatua   Тудың араб тіліндегі мағынасы бірнешеу. Ол жолаушылар адаспауы үшін жол бойына қадалған белгіге, тауға, киімдегі суретке, екі жер ортасын бөліп тұрған белгіге айтылады. Сол секілді осы сөз қайбір елдің рәмізі, белгісі деген мағынаны беретін туға да айтылады.

    Халықтар өзінің ерекшелігін білдіру үшін туды Ислам дініне дейін де қолданған. Бізге жеткен хабарлардың айтуынша Алла елшісі (ﷺ) ту мен жалауды ұстаған. Хадис ғалымдары өз кітаптарында ту мен жалау жайындағы әңгіме үшін арнайы бап арнаған. Оны Әбу Даудтың хадистер кітабында және Сунану Тирмизиде, сунану Әл Бәйһақи келген.
    Тирмизи мен Ибн Мәжә Ибн Аббастан жеткізген әңгімесінде : «Пайғамбардың (ﷺ) жалауы қара түсті, ал туы ақ түсті болатын,» – делінді. Ал Әбу Даудтың Сәммәктан, оның өз қауымынан болған бір кісіден жеткізген әңгімесінде пайғамбардың (ﷺ) жалауы сары түсті екенін көрдім» – делінді.
Тирмизидің Жәбирден жеткізген әңгімесінде: «Пайғамбар (ﷺ) Меккеге ақ түсті жалаумен кірді»- деді.
Ибн Хажар «Фатхул Бәриде»: «Пайғамбар (ﷺ) өзі қатысқан соғыстарында алып жүру үшін әр тайпаның көсеміне ту беретін,»- деді.
    Жау соғыста ту немесе жалауды көтерген сарбазды басқалардан бұрын көздейтін, соны алдымен өлтіруге тырысатын. Ту көтеріліп тұрған сәт оның астына жиналғандарда ерлік пен қайрат жоғалмайтын. Ал қашан ол түсірілген сәт ол тудың иелерінде жеңіліс пен әлсіздік, төменшіктеу сезімінде болады. Сондықтан туды көтерген кісі өзінің жаны қиылып кетсе де, оны төменге түсіруді қаламайтын. Ол жанын бір мата үшін қимайды немесе жалау көтеріп, соның астында мерт болған адам туралы ол бір шүберекті көтеріп, оған тағзым етті деп айтылмайды. Керісінше оның өз елінің белгісі, оның қолына берген аманаты болғандығы үшін деп қаралуы керек.
    Имам Бухаридың «Сахихында» келген әңгімеде Әнәс Ибн Мәлик айтты: «Пайғамбар (ﷺ): «Туды Зәйд алды. Ол ажал тапқан соң одан Жағфар алды. Ол мерт болған соң Абдулла Ибн Рауаха алды. Ол да ту астында мерт болды. (Осыны айтқанда пайғамбардың (ﷺ) екі көзінен жас ақты. Әнәс Ибн Мәликтің әңгімесі) Содан кейін туды ешкімнің әмірін күтпей-ақ Халид Ибн Уәлид алды. Сол тудың астында жау елін ашты,»- деді.
    Ел туына белгілі бір әрекеттермен сәлем беру, оның жоғарыға көтерілгенінде: «Жасасын ел!» – деп дауыстап дұға ету – адамның «екінші табиғаты» деп аталатын әдеті. Бұл жайында Әр Рағиб Әл Әсфаһанидың «Әл Муфрадат» кітабында : «Әдет – адамның екінші табиғаты,» – делінеді.
Шариғат бойынша егер бір істің харамдығына дәлел келмесе, оның негізгі үкімі халал, мубах делініп қаралады. Алла Тағала: «Алла сендерге арам еткен нәрселерін ашық хабарлаған ғой» – дейді. Имам Тирмизидің Сәлмәннан жеткізген хабарында Алла елшісі (ﷺ): «Халал – Алланың кітабында халал еткені. Харам – Алланың кітабында харам еткені. Ал бір іс жайында ешнәрсе айтпаса, ол іс Алланың кешірім еткен істерінен», – дейді.
    Мұндай істер адамдардың өз отандарын сүйетіндіктерінен пайда болатын әдет. Сондықтан жалпы отандастардың ортақ бір ел азаматтары ретінде және ортақ мүдделілікте жасап жатқандарын көрсетулері деп қарау керек. Шариғат ережелерінде бұл секілді іс-әрекет бір істі білдіру үшін жасалатын тәсіл, жол деп саналады. Отанды сүю шариғаттың адамдардан талап ететін істерден екендігіне дәлел бар. Ендеше оған алып баратын және отан сүйгіштікті көрсететін халал болған қандай да бір жол, тәсіл шариғаттың талабы деп қаралады. Сондықтан отандықты, ортақтықты немесе құрмет етілуі міндет істерде көпке қосылмай, кейбір адамдардың орнынан тұрудан бас тартуы секілді әрекеттері олардың құрмет көрсетпеулерінің белгісі болады.

fatua.kz
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38