Шардара аудандық аурухананың бас дәрігері Жанар Оспанованың басшылығымен аурухананың медициналық қызметкерлеріне арналған мерекелік Наурыз – көже мерекелік дастарқаны жайылды. Мерекелік дастарханға наурыз – көже, бауырсақ, қоспа және т.б ұлттық тағамдар қойылды. Барлығының көңіл – күйлері көтеріңкі болды. Аталмыш іс – шарада ынтымағы жарасқан ұжым әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, көп балалы отбасыларға жалпы саны 100 отбасыға азық – түлік себетін (ұн, ақ май, макарон) табыс етті. Аудан имамы қасиетті Құран Кәрімді оқып, сауабын дүниеден өткен марқұмдардың рухына бағыштап, ақ халатты абзал жандардың ел игілігіне атқарып жатқан қызметтеріне береке тілеп, дұға жасады.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі