Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз мерекесі Шардара ауданында жоғары деңгейде аталып өтті. Наурыз айы биылғы жылы жылдағыдан өзгеше түрде өткізілді. Бұрынғы жылдары тек қаладағы кәсіпорын, мекемелер ғана аталмыш мерекеге қатысатын еді. Аудан әкімі Болатбек Қыстауовтың бастамасымен биылғы Наурыз мерекесіне қала мен барлық ауылдық округтері, дербес мекемелер мен білім ошақтары жұмылдырылып, Ұлыстың Ұлы күні нағыз халықтық мерекеге айналды. Ауылдар мен мекемелер өзара біріге отырып, киіз үйлер тіксе, мектеп ұжымдары ұлттық салт – дәстүрімізден түрлі көріністер әзірледі.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі