Бүгінде адамдар арасында жат ағымға байланысты түрлі алып қашты әңгімелер толастамай тұр. Міне, бұл қоғамдағы үлкен проблемалардың бірі. Осы мәселенің алдын алу, халықты ақпараттандыру мақсатында ел арасында түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Сарыағаш ауданы бойынша осы түйіткілді мәселенің түйінін шешуге байланысты «Экстремизм мен терроризмді алдын алу» тақырыбының аясында аудан имамы Б.Қалдаров, аудандық ҰҚК-нің қызметкерлері Жарты төбе ауылы «Күмбез» мешіті, Құркелес ауылы «Құркелес» мешіттерінде ауыл округіне қарасты имам-молдаларына жат ағымдардың ықпалын алдын алу, олардың түпкі мақсаты жайлы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.. Міне, осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуы дәстүрлі емес діни ағымдардың жолын кесуге үлкен мүмкіндік болып табылады.
Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі