Ұлттың ұлылығы – оның ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүрі мен мәдени мұрасында. Ұлттық құндылықты ұлықтау – өткенге құрмет, келешекке аманат.

Осы мақсатта Ақмешіт мешітінде шәкірттерге арналған ұлттық қолөнер шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар бөрік, тақия, сәукеле секілді ұлттық бас киімдерді тігу мен безендіруді үйреніп, сондай-ақ өңіржиек пен білезік жасау өнерінің қыр-сырына қанықты.

Шеберлік сағатының негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық мұраға деген құрметті сіңіру, қолөнерге баулу, еңбекқорлық пен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қазақ халқы «Өнер – таусылмас қазына, жұтамас байлық» деп бекер айтпаған. Ал ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ: «Алла сендердің бір істеріңді атқарсаңдар, оны кемеліне жеткізулеріңді жақсы көреді», – деген (Бәйһақи риуаяты).

Расында, қолөнер – тек бұйым жасау емес, ол – төзімділікке, ұқыптылыққа, ізденіс пен еңбекті бағалауға тәрбиелейтін өнер мектебі.

Ақмешіт мешіті

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38