Сайыс үш кезең бойынша ұйымдастырылып, шәкірттердің білімі мен намаз дұғаларын оқу мәнерін бағамдауға мүмкіндік берді.
Сайыс кезеңдері:
- Намаз дұғаларының бірін араб тілінде жатқа айту;
- Сол дұғаның қазақша мағынасын жатқа жеткізу;
- Арабша дұғаны мәнерлеп оқу.
Қатысушылардың өнері мен білімін Қаратау ауданының әйел-қыздар секторының ұстазы Нұралықызы Бибісара әділ бағалап, қазылық етті.
Сайыс қорытындысы бойынша озық шыққан үш шәкірт жүлделі орындарға ие болып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Осындай тағылымды сайыстар шәкірттердің намаз дұғаларын тереңірек меңгеруіне, жаттағандарын көркем әрі дұрыс жеткізуіне жол ашады.
Алла Тағала алған білімдеріне береке беріп, намаздарындағы әрбір дұғаларын жүректеріне нұр етсін!










