Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы Абай ауданы Абдрахман ата мешітінің мәжіліс залында 1-мамыр Қазақстан халықының бірлігі күніне арнайы семинар ұйымдастырылды.
Семинарға ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, Өзбек мәдени орталығының аксакалдар кеңесінің төрағасы Уктам Ака, Республикалық коғамдық бірлестік төрағасының бас кеңесшісі Даулет Тойметұлы, Латифша Асанов түрік мәдени орталығының басшысы.
Динмұхаммед Искендиров үйғыр мәдени орталығының төрағасы,
Нышанбаев Тахирбек Фархатұлы
Қазаақстан халқы асамблеятөрағасы орынбасары
Шымкент қаласы өзбек этно мәдени бірлестігі төрағасы және Фаизиев Рахимкожа Раматуллаұлы
Тажік орталығының төрағасы, найб имам Қазыбек Сарыбаев, ардагер имам Дәуренбек Тасқараев және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен Жастар ісі секторының жетекшісі Әзімбек Қарабеков және т.б азаматтар қатысты.
Игі шараны Ержігіт Досуметов ашып, жүргізді. Семинар барысында Шаһар бас имам арнайы баяндама жасады. Осыдан кейін, ардагер имам Дәуренбек Тасқараев бастаған ақсақалдар арнайы ойларын ортаға салды.
Басқосуда жастар тәрбиесі, жат ағымдардың алдын алу, дін мен дәстүр, т.б өте маңызды мәселелерді айтылды.
Бұл шара қаладағы бес аудан көлемінде ұйымдастырылды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі












