Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы Қаратау ауданы Аңламас ата мешітінің мәжіліс залында 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арнайы семинар ұйымдастырылды.
Семинарға ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, найб имам Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, ардагер имам Дәуренбек Тасқараев және Қаратау аудандық мешітінің бас имамы Ербол Қалшабек, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен Жастар ісі секторының жетекшісі Әзімбек Қарабеков және т.б азаматтар қатысты.
Игі шараны дінтанушы Мұхамеджан Естеміров ашып, жүргізді. Семинар барысында Шаһар бас имам арнайы баяндама жасады. Осыдан кейін, ардагер имам Дәуренбек Тасқараев бастаған ақсақалдар арнайы ойларын ортаға салды.
Басқосуда жастар тәрбиесі, жат ағымдардың алдын алу, дін мен дәстүр, т.б өте маңызды мәселелерді айтылды.
Бұл шара қаладағы бес аудан көлемінде ұйымдастырылды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі










