Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басшысының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлы баяндамасы аясында Шымкент қаласында Қажылыққа дайындық курстары басталды. Үлкен қажылық сапарға Шымкент қаласы арқылы баратын қажыларға сабақ ұйымдастырылады.
Курс аясында арнайы көрнекілік құралдар мен макеттер пайдаланылды. Сондай-ақ, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының әзірлеген “Қажының рухани келбеті” құжаты таныстырылып арнайы 3 тарауына жеке-жеке тоқталып талқыланды. Қажылық дәрісті Шымкент қаласы бойынша Қажылық бөлімінің жетекшісі Жандос Орынбайұлы, Әл Фараби аудандық Ордабасы мешітінің бас имамы Исламқұл Иманқұлұлы мен дінтанушы Мұхамеджан Естеміров өткізді.
Курс аясында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі










