Balaga daret aludi uiretken karia

Balaga daret aludi uiretken kariaПайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүйікті немерелері Хасан мен Хусейн ойнап жүріп, бір қарияның дұрыс дәрет алмағанын кездейсоқ байқап қалады. Қария дәрет алып болған соң, қалтасынан бет орамалын алып сүртініп жатқанда балалар сәлем бергеннен кейін: – Дәретіңізді Алла қабыл етсін, ата! – дейді. Қария ол екеуіне риза болып алғысын білдіреді.

Сосын, олар:

-Ата, біздің бір өтінішіміз бар еді. Біз екеуміздің қайсымыз дәретті дұрыс аламыз, соған қарап дұрыс баға берсеңіз. Екеуміз осыған бәстесіп қалған едік, – дейді.

Сөйтіп екеуі де жақсылап тұрып дәрет алады. Қария екеуіне мұқият қарап тұрады. Балалар:

-Қайсымыздың жасағанымыз дұрыс? Қатеміз болса айтыңыз, ендігәрі қателік жібермейтін болайық. Сол үшін сізге рахметімізді айтамыз. Сізге сауап жазылады, – дейді.

Қария:

           – Екеуіңнің де алған дәреттерің дұрыс. Бірдей алдыңдар.  Ешқандай айырмашылық жоқ.  Дәретті мен дұрыс алмай жүр екем. Осыншама жасқа келсем де дәреттің қалай алынатынын білмейді екем. Мен сендерден қалай дәрет алу керектігін үйрендім. Сендерге үлкен рахмет. Көп жасаңдар. Сендер маған жақсылық жасадыңдар. Айтпақшы сендер кімнің баласы едіңдер? Есімдерің кім?- дейді. Балалар:

– Әкеміздің аты Әли. Біздің есіміміз Хасан   мен Хусейн.  Пайғамбардың (с.ғ.с) немересіміз,- деп жауап береді.

Қария көз жасына ие бола алмай, оларға: – Иә, көрініп тұр. Бойларыңдағы әдептілік пен кішіпейілділік Пайғамбардың (с.ғ.с) немересі, Әлидің баласы екендіктеріңді көрсетіп тұр. Сендер маған, менің көңіліме тимей, дәрет алуды үйреттіңдер. Алла сендерге разы болсын,- деп балаларға батасын береді.

ОҚО Орталық мешіт

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38