Шымкент қаласындағы Байғұт баба мешітінде әжелер тобының ұйымдастыруымен хатым Құран оқылып, хатым дұғасы жасалды. Рухани жиынға мешіттің әжелері қатысып, қасиетті Құран аяттары бағышталды.
Хатым Құранның қорытынды дұғасын Шымкент қаласы “Әйел-қыздар” секторының жетекшісі Асылханқызы Балжан ұстаз жасап, Құран оқудың артықшылығы мен ұрпаққа берер тағылымы жайында насихат айтты. Сонымен қатар, апалардың бірлікпен атқарған бұл сауапты ісі – кейінгі буынға үлгі екені атап өтілді.
Жиын барысында ел амандығы, жұрт тыныштығы мен береке-бірлік тіленді.
Алла Тағала оқылған хатымдарды қабыл етіп, барша қатысушыларға мол сауаптан жазсын!
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




