Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде өңіріміздің ақсақалдарымен «Елдік мүдде және рухани құндылық» атты рухани босқосу ұйымдастырылды.
Игі шараға ҚР Құрылтай депутаты Дихан Қамзабекұлы, шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, қоғам қайраткері Сексенбай Тұрысбек, Өмірзақ Байболат, ардагер имам Әміре Бекайдар, Ахметжан Керімбек бастаған ел ағалары бас қосты.
Рухани басқосуда жуырда Мемлекет басшысы жолдаған Жолдауында зерделенген маңызды мәселелер, нақты жоспар-жобалар және отбасы мен дәстүр, той, жиындардағы дарақылық, ысырапшылдық мәселелері сөз болды.
Мұнымен қатар, ҚМДБ-ның тарапынан қабылданған ас беру мәдениеті құжатын жан-жақты насихаттау мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, рухани басқосу барысында меймандар тарапынан соңғы жылдары Мүфтият тарапынан атқарылып жатқан оңды өзгерістер мен игі бастамаларға ризашылық білдірілді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38