Бүгін Шымкент қаласында «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен қасиетті айға рухани дайындық мақсатында «Берекелі айға – берекелі ниет» атты тағылымды іс-шара өтті.
 
Кездесуге қаламыздың әйел жамағаты қатысып, Рамазан айын саналы түрде қарсы алу, ниетті түзету, құлшылыққа дайындық мәселелері кеңінен сөз болды.
 
Жиында Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Асылханқызы жиналған көпшілікке насихат айтып, алдағы Рамазан айында атқарылатын амалдар, сауапты істер мен рухани серпіліс жайында ой бөлісті.
 
Сондай-ақ арнайы қонақ ретінде Түркістан облысы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Абиева Еңлік ұстаз шақырылып, жамағатқа жүрекке әсерлі уағыз-насихат айтты. Ол Рамазан айының қадір-қасиеті, ықылас пен сабырдың маңызы туралы тағылымды әңгіме өрбітті.
 
Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, белсенді жамағатқа сыйлықтар табысталды.
 
Рухани кеш жиналғандарға ерекше әсер қалдырып, берекелі айды берекелі ниетпен қарсы алуға серпін берді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38