«Ислам және Адал қоғам жылы» аясында әйел ұстаздарға арналған жиын өтті.
«Ислам және Адал қоғам жылы» аясында 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын түсіндіру және әдістемелік бағыт-бағдар беру мақсатында әйел ұстаздарға арналған арнайы жиын ұйымдастырылды.
Басқосуға Шымкент қаласының әйел ұстаздары қатысып, алдағы жылға жоспарланған іс-шаралар мен рухани-ағартушылық бағыттағы жұмыстар кеңінен талқыланды. Жиын барысында қоғамдағы адалдық құндылықтарын насихаттау, ислам әдебі мен ізгілікті мінез-құлықты қалыптастыру, әйелдер жамағатымен жүйелі жұмыс жүргізу мәселелері қозғалды.
Шымкент қаласы “Әйел-қыздар” секторының жетекшісі Асылханқызы Балжан ұстаз сөз сөйлеп, 2026 жыл барысында жүзеге асырылуы тиіс негізгі тапсырмалар мен бағыттарды таныстырды. Сонымен қатар, әйел жамағатымен жұмыс жүргізудің тиімді әдістеріне тоқталып, ұстаздарға нақты ұсыныстар мен әдістемелік кеңестер берді.
Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы жұмыстарды бірлесе атқаруға уағдаласты.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




