Шымкент қаласы Қаратау ауданы Жанқожа мешітінің ДСАК бөлімінде 
Мешіт ұстазы Ұлтуған Әметханқызының жетекшілігімен 
“Ислам және адал қоғам“ тақырыбында уағыз нәсихат айтылды 
Уағыз барысында: «Шыншыл болыңдар. Өйткені шыншылдық – тақуалыққа, ал тақуалық – жәннатқа жетелейді.»
«Екіжүзді адамның үш белгісі бар: сөйлесе – өтірік айтады, уәде берсе – орындамайды, аманат тапсырылса – қиянат жасайды.»
Пайғамбарымыздан (с.а.у.) сұралды:
«Мұсылман қорқақ бола ма?»
Ол: «Иә», – деді.
«Сараң бола ма?»
Ол: «Иә», – деді.
«Өтірікші бола ма?»
Ол: «Жоқ», – деді.
Пайғамбарымыздың (с.а.у) осы сияқты хадистері тілге тиек етіліп 
адалдықтын , ішкен астан бастап, адамдар арасындағы қарымқатынаста белең алатындығы, ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілесің деп аталарымыз айтқандай, адалдықтың өзі отбасында алған тәрбиеден басталатындығы терең айтылып, адамның өз ісінің маманы болу, уәдеге берік болуы, аманатқа қиянат етпеуі, өтірік айтпауы бұның бәрі адалдықтың нәтижесі екендігі айтылды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38